СҚО-да 5 мың тұрғын салық төлемей жүр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгінгі таңда облыста 5 мыңға жуық солтүстікқазақстандық салық төлемеген. Олардың мемлекет алдындағы берешегі 10 млн. теңгеге жетіп отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, салық салу нысандарына тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, көлікжайлар мен Қазақстан азаматына тиесілі өзге де құрылыстар, жер учаскелері кіреді.

— Шілде айынан бастап өңір тұрғындарына қандай мөлшерде, не үшін салық төлейтіндері жөнінде хабарламалар жіберіліп жатыр. Сондай-ақ бұл мәліметтер «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында да көрсетілген. Азаматтар хабарлама келген күннен 30 күн ішінде мүлік салығын өтеулері тиіс. Егер қарыздары 1 АЕК-тен асатын болса, салық органы салық бұйрығын шығарады. Оны орындау үшін сот орындаушысына жібереді. Тұрғындарды мүлік салығын қазанның 1-не дейін төлеуі қажет, — дейді СҚО мемлекеттік кірістер департаменті мамандары.

Сот орындаушысы алдымен берешегі бар салық төлеушіге қатысты шара қолданады. Яғни қарыз үстіне өсімпұл қосылуы немесе шоттар бұғатталуы мүмкін. Бұдан бөлек департамент мамандары декларацияны электронды түрде тапсыру мерзімі 15 қыркүйекте аяқталатынын еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz