Электр қуатынан ажыратылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы 10 ауданның 181 елдімекені электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукиннің айтуынша, әзірге 14 мыңнан астам абонент электр энергиясыз отыр.

– Электр желілерінің тіректерінде апат орын алған жоқ. Технологиялық олқылықтар түзетіліп жатыр. Ауылдардағы тұрғындар уақытша электр қуатынан ажыратылды. Қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде, — дейді Владислав Лукин.

«Севказэнерго» АҚ-ның 55 бригадасы және «Көкшетау – Энерго» ЖШС-ның 37 бригадасы олқылықтарды түзетіп жатыр. Барлығы 450-ге жуық адам және 195 бірлік техника жұмылдырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz