Жылыту маусымында 494 қазандық жұмыс істейтін болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл қыс уақытында облыста 1131 әлеуметтік нысан мен 1400 тұрғын үй жылумен қамтылып, өңір бойынша 494 қазандық жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Халықты толыққанды жылумен қамту үшін қыста 618 мың тонна көмір жағылмақшы. Мұны облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукин мәлім етті.

— Облыс аудандарында орталықтандырылған 24 қазандық жұмыс істейтін болады. Олар 357 нысанды жылумен қамтуды жоспарлап отыр. Биыл жылыту маусымына қазандықтарды дайындауға 763 млн. теңге бөлінді. Оның 609,7 млн-ы игерілді. Қазір тиісті жұмыстар Айыртау, Мамлют, Ғ.Мүсірепов атындағы және Тимирязев аудандарында өтуде, — дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Владислав Лукин.

Қазіргі уақытта 32 теміржол тұйығында 33 мың тонна көмір бар. Жылыту маусымын өткеру үшін өңірге тағы 419 мың тоннасы қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz