СҚО-да жол жүрісі қағидаларын бұзудың 648 фактісі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да оқу жылының басынан мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жанында жол ережелерін бұзудың 648 фактісі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінде болып, оқушылармен тілдесті. Патрульдік полиция батальонының офицері үшінші сыныпта оқитын балаларға жол қозғалысын реттеушінің қимылдарын көрсетті. Оның әріптестері негізгі ережелер мен оларды елемеуден туындайтын қауіп туралы айтты, жадынамалар таратып, сұрақтарға жауап берді.

Кездсу соңында полицейлер оқушылардан үйден мектепке, мектептен үйге баратын жолдарын сызып көрсетуді сұрады. ЖПҚБ аға инспекторы Азамат Жамұқов әр схеманы мұқият талдап, кішкентай жаяу жүргіншілерге олардың қауіпсіз жүріп-тұруына қатысты кеңестерін айтты.

– “Назар аударыңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі 27 тамыздан бастап өткізілуде. Полиция қызметкерлерінің, ата-аналар мен ұстаздардың міндеті – мектепке келетін балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету. Өйткені, ұзақ жазғы демалыста болған оқушылар көлік қозғалысы көбейген кезде абдырап, келген жолдарын ұмытып қалуы мүмкін, — дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Александр Розбах.

27 тамыздан бастап тәртіп сақшылары жалы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелердің жанына жақын орналасқан аумақтарда Жол жүрісі қағидаларының түрлі 648 бұзушылығын анықтады. Олардың басым бөлігі – маневр жасау қағидаларын бұзу, көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, жолдың рұқсат етілмеген жерінен өту. Бұдан бөлек, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жанына жақын аумақтарда 283 тексеру өткізілді. Кемшіліктерді жою туралы 136 акті жазылды.

«Назар аударыңыз – балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі 30 қыркүйекке дейін өткізілмек. 8 айдың қорытындысы бойынша СҚО жолдарында балалардың қатысуымен 57 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 5 адам қаза тапты, 64 адам жарақаттар алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz