Облыс орталығында аудан өнерпаздары ретро әндерді шырқады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Жастық шақ әуендері» атты ретро-әндердің облыстық фестивалі өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған мәдени шараға  барлық аудандардың өнерпаздары белсенді қатысып, олар өткен ғасырдың 70-80-90 жылдарында шырқалған  әндерді  нақышына келтіре орындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әуезді әнімен, ерекше мәнерімен есте қалатын талантты әншілерін тыңдарман қашан да сағынып, іздеп тұратыны заңдылық.   Әннің кеңінен тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыруы композиторлармен бірге жекелеген әншілерге де байланысты. Болат Ескендіров фестивальге Уәлиханов ауданынан арнайы келіпті. Ол сөзін ақын Тұманбай Молдағалиев, әуенін сазгер Шәмші Қалдаяқов  жазған «Бақыт құшағында» туындысын шырқады.

— Шәмші атамыздың шығармалары жүрегіме жақын. Композитордың біраз туындылары бүгінгі кештің ажарын кіргізді. Бізді қуантқаны – қала тұрғындарының бір кісідей жиналғаны. Олар біздің әндерімізді тыңдап демалса, біздер, өнерпаздар көрермендердің шапалағынан шабыт алдық, — дейді ол.

«Есіңде ме сол бір кез» дегендей, тыңдарманды өткен сәтке қайта оралтып жүректеріне нұр төгіп, жан жылуын сездірген ән кешіне еңбектенген баладан еңкейген қартқа дейін жиналды. Фестиваль соңында барлық өнерпаздар дипломдармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz