Шорт-тректен ел чемпионаты басталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда шорт-тректен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Шорт-тректен ел чемпионаты алғаш рет Қызылжар төрінде өткізіліп отыр. Мұз айдынында Қазақстанның 8 өңірінен 120  жас спортшы шеберлік байқасады.

— Облыстағы шорт-трек үйірмесі 2018 жылы ашылды. Осы уақыттан бері жастар арасында бұл спортқа қызығушылық артып келеді. Бүгіндері 10 солтүстікқазақстандық спортшы спорт шеберлігіне үміткер санатындағылар қатарына енді. Енді жарыста теріскейліктер жақсы өнер көрсететініне сенім мол. Еліміздің үздіктері жиналған додада жеңіске лайықтысы жетеді деп ойлаймын, — дейді жарыстың төрешісі Федор Андреев.

Жарыс төрт күнге шақталған. Спортшылар қысқа қашықтыққа жүгіріп, өз жастарында мықтыны анықтайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz