Алдағы үш күнде ауа райы қандай болмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 16-18 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде ылғалды қар, бұршақ жаууы мүмкін. Тұман түседі, жаңбыр жауып, +28-ге дейін ыстық болады.

— Таяу күндері республиканың басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен синоптикалық жағдай қалыптасады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын-шашын және көктайғақ болады деген болжам бар, — делінген хабарламада.

Болжам бойынша түнде және таңертең республиканың солтүстік-батысын, солтүстігін және шығысын тұман басады.

— Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде +2+12°C, күндіз +15+23°C, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде температура фоны +10+15°C, жылы. Таулы аймақтарда 0+5°С, күндіз +20+28°С, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz