Құрылысшы жұмыс орнында қаза тапты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда құрылыста жүрген 35 жастағы ер адам қаза тапты. Оның үстіне балшық құлап, басып қалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше кешқұрым болды. Құрылыста жұмыс істеп жұрген ер адамның үстіне абайсызда балшық құлаған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

— 14 қыркүйекте Петропавл қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Партизан-Егемен Қазақстан көшесіндегі траншеяда жұмыс жүргізу кезінде 35 жастағы ер адамды топырақ басып қалғандығы туралы хабарлама түсті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық бабы бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген баспасөз хабарламасында.

Б

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz