СҚО полицейлері “World Cleanup Day – 2023” халықаралық акциясына қатысты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері “World Cleanup Day – 2023” халықаралық акциясына қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Cолтүстікқазақстандық полицейлер Халықаралық тазалық күніне (World Cleanup Day 2023) қатысты. Қыркүйектің 16-сы күні өткен шараға облыстық және қалалық полиция аппаратының, учаскелік полиция пункттерінің, қалалық және аудандық полиция бөліністерінің қызметкерлері бекітілген аумақтарын тазалауға шықты.

Облыс орталығында елуден астам тәртіп сақшысы Зауыт және Қ.Кеншінбаев көшелерінің аралығында Астана көшесін тазалауға барды. Полицейлер бір-екі сағат ішінде бекітілген аумақтарын түскен жапырақтар мен қоқыстан тазартты. Таза ауада өткен сенбілікке кезекшілікке жұмылдырылмаған 1500-ден астам қызметкер қатысты. 20 бірлік техника пайдаланылды.

СҚО ПД тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Асхат Жомартовтың айтуынша, сенбілік әр ұжымдағы қызметкерлердің басын қосты. Тұрып жатқан, еңбек етіп жатқан елді мекенді тазалықта ұстау әр адамның мндеті. Полиция қызметкерлері жалпыоблыстық және қалалық сенбіліктерге жиі қатысып тұрады. Сондай-ақ ай сайын әкімшілік ғимараттардың маңындағы аумақтарды тазалап отырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz