Алаяқтық белгісі бар 45 хабарландыру бұғатталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері екі күннің ішінде интернет кеңістігінде алаяқтық белгісі бар 45 хабарландыруды анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

20-22 қараша аралығында өткен «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында СҚО полицейлері интернет-кеңістікке мониторинг жүргізуді күшейтті. Алаяқтық белгілері бар 45 хабарландыру анықталды, басым бөлігі – Instagram әлеуметтік желісінде. Оларды бұғаттау бойынша шаралар қабылданды.

– Іс-шара барысында жедел жұмыс та күшейтілді, 2 күн ішінде 14 интернет-алаяқтық ашылды, оның бесеуі бұрын жасалған. Бұл іс-шарада профилактикалық шараларға баса назар аударылады. Криминалдық полиция қызметкерлері еріктілермен бірігіп, банк бөлімшелерінде және көшелерде жадынамалар таратып, адамдарға “жалған банктердің қоңырауларына” сенуге болмайтынын ескертеді. Егер әлдебіреулер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, сіздің атыңызға бейтаныс адамдар үлкен несие ашуға тырысып жатқанын айтса, бірден әңгімені тоқтатып, тұтқаны қоя салу қажет. Полицияға қоңырау шалып, мұндай қызметкердің бар-жоғын анықтап алған абзал. Дәл осындай тексеру сұрақтарын банктің ресми телефоны арқылы да білуге болады, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz