Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығы жылыту маусымына дайындықты жоспарға сай жүргізіп келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Владислав Лукиннің айтуынша, бүгіндері жылу-электр орталығында №9 және №10 қазандық агрегаты мен №3 турбоагрегат жөнделіп жатыр.
– Жаңа түтін мұржасында жұмыс жалғасуда. Тамыз айында құбыр осінің жобалық шешімнен ауытқуы анықталды. Қазіргі уақытта ақауға 39 метр белгіден 23 метр белгіге дейін бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде, – дейді Владислав Лукин.