Футболдан ел біріншілігі аясында «Қызылжар» клубы «Атырау» командасымен тең түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ел біріншілігінің 22-ші турында жерлестеріміз «Атырау» клубымен ойнады. Матч басталысымен атыраулықтар қауіпті шабуылдарымен көзге түсіп жатты. Алайда қырағы қызылжарлық қақпшаның арқасында есеп өзгеріссіз қалды.
Ойынның екінші бөлімінде солтүстікқазақстандықтарда есеп ашуға бірнеше мүмкіндік болды. Өкініштісі, шабуылшыларымыз қақпаны дәл көздей алмады. Алаң иелері де қарап қалмай, қауіпті соққылармен ерекшеленді. Атыраулықтардың қауіпті шабуылдарының бірінде гол да соғылды. Бірақ бұған дейін «Атырау» клубының ойыншысы ереже бұзғандықтан, төреші нәтижелі соққыны есепке алмады. Осылайша командалар тең тарқасты.
Бұл турдан соң турнир кестесінде»Қызылжар» командасы 4-ші сатыдан 5-ші орынға түсті. Ал «Атырау» клубы 7-ден 6-шы сатыға көтерілді. Әзірге көш басында шымкенттік «Ордабасы» келе жатыр.