«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкерлері өңір жолдарын 149 рет тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мамандар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау сапасын тексерді, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, көшелердегі жұмыстар мен материалдарына сараптама жүргізді. Нәтижесінде 21 бұзушылық анықталды.
Шілде айынан бастап қыркүйектің бірінші онкүндігіне дейін жол құрылысына пайдаланылатын материалдың 611 сынамасы алынды. Оның 202-сі бекітілген нормаларға сәйкес келмеді.