СҚО әкімі қаланың құрылыс нысандарын аралады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс орталығындағы Универсальная көшесінде темір жол арқылы өтетін автожол өткелінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қаланың құрылыс нысандарын аралады. Өңір басшысы Универсальная көшесінде салынып жатқан автожол өткелімен танысты.

Жаңа жол өткелдің арқасында Петропавлдағы көлік ағыны жеңілдей түседі. Кейін Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығында тұрғызылып жатқан жеке тұрғын үйлерге тартылып жатқан инфрақұрылым желілерін көрді.

Жаңа «Солнечный 2» және «Южный» шағын аудандарында жеке тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы кезекте тұрғандарға жеке баспана салу үшін 3 мың тегін жер телімі беріледі. Сонымен қатар, өңір  басшысы спорт нысандарының жұмысымен де танысты. «Қарасай» стадионын қайта жөндеудің бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Жылыту және автосуару жүйесі бар жаңа футбол алаңы, жарықтандыру,  электронды табло мен дыбыс жабдығы орнатылды. Жобаның екінші кезеңінде трибуналар мен оның астындағы үй-жайларды жаңарту жоспарлануда.

photo 5244977718318190310 yphoto 5244977718318190308 y

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz