Жетім баланың пәтерін жалға берген

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық прокуратура мамандары балалар үйінде заңнаманың сақталуына қатысты талдау жүргізу барысында қамқоршының өз құқығын асыра пайдалану арқылы   кәмелетке толмаған жасөспірімнің  құқығын дөрекі бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавл қаласының әкімдігі  бекіткен қамқоршы С.  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарын бұза отыра, қамқоршылық органының рұқсатынсыз, ұзақ уақыт бойы жетім баланың пәтерін заңсыз  жалға беріп келген. Ол өзінің заңсыз әрекетін  баланы балалар үйіне қайтарғаннан  және қамқоршылық алынғаннан кейін де жалғастырыпты.

Анықталған заң бұзушылық бойынша  қадағалау органы кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және сәйкес шараларды қабылдау арқылы заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді. Сондай-ақ осы фактіге қатысты 12 қыркүйекте прокуратура органдарының материалдары бойынша  Петропавл қаласының полициясы Қылмыстық кодекстің 142-бабы «Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта  балаға келтірілген шығынды анықтау мақсатында  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Іс облыстық прокуратура мамандарының  бақылауында болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz