Білім беру мекемелері қызметкерлеріне сыйлық беруге тыйым салынған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық білім басқармасы соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында білім беру мекемелеріне ескерту жіберді. Құжатта педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын қатаң сақтауға шақырып, сыйлық берушіге – 200, ал оны алушыға 600 АЕК мөлшерінде айыппұл барлығын еске салған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Білім беру мекемелеріне жіберілген хатта оқу жылының аяқталуына байланысты балабақшаларда, мектептерде шағын орталықтарда ұстаздарға, тәрбиешілерге сыйлық алу үшін ата-аналардан ақша жинап жатқандығын туралы өтініштердің жиілегені айтылған. Осыған орай Қамқоршылық кеңес мүшелерімен, ата-аналармен педагогтарға сыйлық алуға ақша жинауға болмайтынын атып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын қатаң сақтауды еске салады.

Сондай-ақ басшының қолы қойылған құжатта қызметтік міндеттерін орындағаны үшін сыйлық алуға кез келген нысанда тыйым салынатындығы айтылған. Сыйлықтың құны 2 АЕК – 6 900 теңгеден асса, беруші үшін 200 АЕК – 690 мың теңге, алушыға 600 АЕК – 2 млн теңге шамасында әкімшілік айыппұл қарастырылған.
Хаттың соңында онымен әр педагог танысып, қол қою қажеттігі көрсетілген. Бұған қоса, білім беру мекемелерінің басшыларына сыныптарды жөндеуге, құрал-саймандар мен құрылыс материалдарын сатып алуға ата-аналардан қаражат жинауға жол бермеу керектігі де айтылған.

Бұл хат көпшілікті бейжай қалдырмады. Бірі қолдаса, енді бірі мұны қатардағы ұстаздарды қорқыту деп бағалады.
Бұған дейін СҚО әкімдігінің аппарат отырысында білім басқармасының басшысы Нәзір Жөшібеков оқу жылын қорытындылап есеп берді.

Жиында да мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға сыйлыққа ақша жинау мәселесіне тоқталып, оған жол берілмейтінін айтты. Сонымен қатар, салтанатты іс-шараларға аниматорларды, ивент-агенттіктерді тартуға, түлектердің кештерін мейрамханалар мен басқа да ойын-сауық орындарында атап өтуге тыйым салынғанын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz