Өңір тұрғындары жалақыларының тең жартысы азық-түлікке жұмсайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да бір жылдың ішінде өңір тұрғындарының шығындары өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы департаментінің ақпаратына сәйкес, бір адамның ай сайынғы қаржылық шығыстары орта есеппен 104,3 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24% — ға жоғары.

Тұтыну шығындары көрсетілген соманың 90% құрайды. Қалғаны материалдық көмекке, алиментке, несие мен қарызды өтеуге, салықтарға түседі.

Отбасылық бюджеттің ең қымбат бөлігі азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығындар болып қала береді, ол 46% құрайды. Азық- түлік емес тауарларды сатып алу шығындары шамамен 29%, қызмет ақысына жұмсалатын сома 15% болып отыр.

Ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстарда ақшалай қаражаттың 30%-ы көлік және байланыс қызметтерін төлеуге, соншама тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға және жөндеуге, 10% — ға жуығы денсаулық сақтауға тиесілі.

Ауыл тұрғындары азық-түлік сатып алуға тиісінше 47% және 45% жұмсайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсалатын шығындардың айырмашылығы – қала тұрғындары үшін бюджеттің 26% және ауыл тұрғындары үшін 31%. Қала тұрғындарының ақылы қызметтеріне жұмсалған шығыстар ауыл тұрғындарының шығындарынан 2,2 есе асып түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz