Полицияның қабылдап-тарату орнына үй-күйсіз жүрген 297 адам жеткізілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері 3 күн ішінде 297 адамды қабылдап-тарату орнына жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс полицейлері «Қаңғыбас» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның арқасында қыс мезгілі қарсаңында қалаға қоныс аударатын үйсіз адамдардың едәуір санын анықтауға көмектесті. Петропавлда полиция қызметкерлері осы санаттағы адамдардың шоғырлануының негізгі орындары ерекше назар аударды. Теміржол вокзалы ауданы, базарлар, сауда үйлері мен стадиондар, жылу трассасы бұл орындар үйсіз адамдардың негізінен мекен ететін орындары болып саналады.

Бір күндік жұмыс аясында Петропавл қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына 126 адам жеткізілді.

– Жедел алдын алу іс-шарасының 3 күні ішінде 314 жертөле, 203 кәріз люктері, 418 қараусыз қалған үй мен 354 шатыр үйжайы және үйсіздердің пайда болуы мүмкін басқа да орындар тексерілді. Қабылдап тарату орнына 297 үйсіз адам жеткізілді. Барлығынан саусақ іздері алынып, фото және бейне есепке қойылды. Олардың жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілді. Хабар-ошарсыз кеткендердің тізімдерімен салыстырылды. Қабылдап тарату орнына тұрғылықты жері жоқ санатына жататын 10 адам тізімдік есепке қойылып, орналастырылды, – деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz