Облыстағы «Челябі-Новосібір» автоожолының 520 шақырымында «Lexus» және «ZIL-131» көліктері соқтысып, салдарынан 27 жастағы «Lexus»-тың жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы қыркүйектің 17-сі күні сағат 23:10-да Қызылжар ауданының Петерфельд ауылы маңында орын алды.
— «Lexus» көлігінің салонында болған 56 жастағы ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. «ЗИЛ-131» автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісінен медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды. Көлік құралдары арнайы автотұраққа қойылды, — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
«Абайсызда адамның өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы»қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.