«Горгаз-сервис» ЖШС сотқа жүгінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Горгаз-сервис» ЖШС газ бағасының төмендеуіне байланысты сотқа жүгінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық  департаменті «Горгаз-сервис» ЖШС-ның топтық резервуарлық қондырғылары арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының алдағы уақытта көтерілуі туралы ақпаратты қараған.  Серіктестік көрсеткен жобалық баға – 1 м3 үшін 677,27 теңге. Бұл бұрын қолданыста болған шекті бағадан 136,87 теңгеге немесе 25,33 пайызға жоғары.

Алайда  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық  департаменті  «Горгаз-сервис» ЖШС-мен жобаланған бағаны тиісті тәртіпке сәйкес негізделген шекті баға деңгейіне дейін төмендетті. Яғни  қосымша құн салығын есептемегенде 517,45 теңге/м3 мөлшеріндегі шекті бағаны 2023 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізуге келісімін берді.  Бұл бұрынғы қолданыстағы шекті бағаға қарағанда 22,95 теңгеге немесе 4,25 пайызға  төмен. Баға белгіленгенде  «Горгаз-сервис» ЖШС-ның 91 012,80 мың теңге мөлшерінде амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалануы да есепке алынды. Осының нәтижесінде газдың шекті бағасын төмендету мүмкін болған.   Бірақ «Горгаз-Сервис»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  уәкілетті органның бұл шешімімен келіспеді.   Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық  департаментінің шешімін заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. Қазіргі уақытта іс сот  қарауында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz