Синтетикалық есірткі жеткізудің жолы кесілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізудің жолын кесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Тамыз айында солтүстікқазақстандық полицейлер астаналық әріптестерімен бірлесіп, Петропавл қаласына кіреберістегі “Оңтүстік” бақылау пунктінде «Toyota Alphard» автокөлігін тоқтатты. Ішінде отырған 52 жастағы жолаушыдан сарғыш түсті кесектелген зат салынған 3 полимерлік түйіншек және бөлшектеп өлшеуге арналған құрал-жабдықтар, дәлірек айтқанда таразы мен буып-түю материалы тәркіленді. Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың аса ірі мөлшердегі α-PvP синтетикалық есірткісі екенін анықтады, салмағы – 624 грамм.

– Бұл партия екі мыңға жуық адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті. Күдікті есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде бөлшектеп-өлшеуші болып жұмыс істеген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, – деп түсіндірді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Иван Терзиди.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz