СҚО-да интернет-алаяқтықтың 442 дерегі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да танымал әлеуметтік желі арқылы жасалған интернет-алаяқтықтың 90 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жыл басынан облыс полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде интернет-алаяқтықтың 442 фактісін тіркеді. Күдіктілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, бұдан бөлек бірқатар тергеу әрекеттері қолға алынған. Тіркелген фактілердің басым бөлігі: 156 факті – жалған банк қызметкерінің қоңырау шалуы әдісі бойынша, 90-ы – Instagram желісі арқылы; TikTok арқылы – 2, Одноклассники арқылы – 5 және Telegram мессенджерін қолдана отырып 9 факті болған. Сондай-ақ 48 интернет-алаяқтық OLX тегін хабарландырулар сайты арқылы, тағы 14 факті – Kolesa.kz пен krisha.kz сайттары арқылы жасалған. 3 фактіні қаскөйлер InDrive мобильдік қосымшасы арқылы іске асырған.

– Интернет-алаяқтыұты алдын алу жұмыстары қалалықтардың ғана емес, облыстың барлық аудандарының тұрғындарының арасында өткізіледі. Жадынамалар таратылып, әр адаммен жеке әңгімелесу жүргізіледі. Тәжірибе көрсеткендей, өңірдегі әр екінші зейнеткерге бейтаныс адамдар хабарласып, алаяқтықтың белгілері бар ұсыныстарын айтқан. Полицейлердің айтуынша, жеке басқа қатысты деректерді ешқашан ешкімге бермеген жөн. Алаяқтар қоңырау шалған жағдайда бірден тұтқаны қойып, өз банкіңіздің call-орталығына және полицияға хабарласу қажет, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz