СҚО жұмыртқа өндірісі бойынша екінші орында тұр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

8 айда Қазақстанда 3,3 млрд. данадан астам жұмыртқа өндірілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 3 328,1 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға аз (3 398,7 млн дана).

Өңірлер бөлінісінде тауық жұмыртқасының өндірісі Ақмола облысында ең жоғары – 490,8 млн данадан астам.

Тізім басындағы өңірлер үштігінде Солтүстік Қазақстан (483,4 млн дана) және Қарағанды облыстары (456,4 млн дана) тұр.

Айта кетейік, азық-түлік тұтыну бойынша орта есеппен жан басына шаққанда айына 17 дана жұмыртқа келеді.

Он жұмыртқаның орташа бағасы — 461 тг (І санат).

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz