Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Алматыда тіркелді: 13,7 млрд теңге, плюс бір жылда 14%. Екінші және үшінші қатарда Қарағанды (4,9 млрд теңге, плюс 57,9%) және Алматы (4,7 млрд теңге, плюс 58%) облыстары тұр.
— Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар металл орындықтар мен басқа да отыратын жиһаздарға деген сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) 32,6% ақтаған. Бір жыл бұрын 51,6% болған еді. Ал ағаш орындықтарды 13,3%, басқа орындықтарды – 2,1% ғана қамтамасыз етті, — делінген Energyprom.kz хабарламасында.
Жалпы алғанда ел жиһаз секторында өзін-өзі қамтамасыз етуге әлі дайын емес. Биыл тамыз айының соңында жиһаз және тұрмыстық заттар бағасы бір жылда 19,2% өсті. Өңірлер бойынша баға Шығыс Қазақстан (+33,1%), Ақмола (+31,1%), Қарағанды (+29,6%), Алматы (+26,6%) және Қостанай (+25,9%) облыстарының тұрғындарының әмиянына түсті. Ең аз жылдық баға өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: 4,3%.