Ризабек Айтмұхан: «Келесі сын – Олимпиада ойындары»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ел тарихында тұңғыш рет еркін күрестен әлем чемпионы атанған жерлесіміз Ризабек Айтмұхан мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлем чемпионы атанған жерлесіміз бұл атаққа қол жеткізу үшін тоғыз жыл бойы еңбек етті. Нәтижесінде Ризабек дегеніне жетіп, еліміздің еркін күрес тарихындағы алғашқы алтын жүлдені әкелді. Мұнымен балуан тоқталмақ емес.

– Күнде таңертең таңғы 6:00 тұрып жаттығатынмын. Ересектер арасында топ жару үшін  барымды салдым. Алғашында жастар қатарында Азия чемпионы атандым. Енді міне, алтын жүлдегер атанып отырмын. Алдағы қойған мақсатым – Олимпиада ойындарында жүлдеге ие болу. Лицензия қалтамызда бар. Төрт жылда бір рет келетін халықаралық додада 86 килограмнан кейін 97 килограмм салмақ дәрежесі бар. 92 килограмм олимпиада бағдарламасына кірмейді. Қазір салмақ көтеріп, бұл ірі сынға дайындалу қажет, — деді Ризабек Айтмұхан.

Естеріңізге салсақ, Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионты өтіп жатыр. Бүгінгі таңда ұлттық құрама балуандары 2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін екі жолдаманы қанжығаларына байлады. Бірі еркін стильде белдескен 86 килограмм санатында күрескен Азамат Дәулетбековтың еншісіне жазылса, екіншісін Уәлиханов ауданының тумасы Ризабек Айтмұхан ұтып алған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz