169
Петропавл тұрғыны екі айға толған қызын бесінші қабаттан тастамақ болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қыркүйектің 20-сы күні сағат 17:49 шамасында Петропавл полиция басқармасына Маяковский, 93 мекенжайында орналасқан жатақхананың 5-қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен болатын.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына барған полицейлер бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады.
Жатақхананың жанына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД, медицина қызметкерлері келді. ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке енді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке қызметкерлер кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді.