Жазда Қазақстанға шетелден 448 мың турист келген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
«eQonaq» ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша, жаздың үш айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді. Олардың 64,6%-ы — ер азаматтар. Ал шетелдік қонақтардың басым бөлігі 30-44 жас аралығында, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, шетелдіктер ең көп тоқтаған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанамызға 139 мыңнан астам турист келген. Екінші орында Астана қаласы. Елордаға жазғы маусымда 68 мың шетелдік қонақ тоқтаған. Үздік үштікті Алматы облысы жапты. Мұнда 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттап келген.

Шетелден келген туристер еліміздің батысына да жиі барған. Мысалы, жаздың үш айында Маңғыстау облысына 28 мыңнан астам шетел азаматы келсе, Атырау облысына 25 мыңнан артық шетелдік турист тоқтаған.

Сонымен бірге Ақмола облысына 21 мыңға жуық, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 14 мыңнан астам шетелдік турист келген.

— Жалпы алғанда жыл басынан Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 1,8 есе артып отыр. 2023 жылдың соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деген болжам бар,- деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz