Тағылымды кездесу

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

И.Шухов атындағы  орталық қалалық кітапхана жанынан құрылған  «Sana» әдеби-музыкалық клубының мүшелері  медицина ғылымдарының докторы, профессор Жанбатыр Сартаевпен кездесті. Бұл шара жастарды еңбекке баулу, белгілі адамдардың өмірімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мейман сөзінің басын адал еңбек етудің маңызынан бастады. Оның айтуынша, адам өз өмірінің сәулетшісі. Ғұмыр жолының қалай өрілетіні жастық шақта атқарған жұмысына, мінез-құлқына тікелей байланысты. «Қазақтың әр баласы мақсаты мен арманын ұлтқа қызмет ету аясына топтастыруы керек.  Елге титтей болсын жақсылығым тисін деген адам, Абай атамыз айтқандай, пайданы емес арды ойлайды. Мен Әскери академияда оқытушымын. Курсанттарға елжанды, отаншыл болудың артықшылығын айтудан іркілген емеспін», — деді Жанбатыр Нұртайұлы.

Жанбатыр Сартаевтың Қызылжар топырағынан шыққан батырлар туралы жазған бірнеше  зерттеу еңбегі бар.    Іс-шара барысында жиналғандар назарына «Батырлар рухы өшпейді» фильмі көрсетілді.

Кітапхана директоры Гүлнәзия Бикенова  шара қонағына ұзақ өмір, шығармашылық табыстар тілеп,  кітап сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz