Солтүстікқазақстандық спортшылар Азия ойындарына қатысады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарында ел намысын 7 солтүстікқазақстандық спортшы қорғайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сарықұрлықтың басты бәсекелерінің бірі Ханчжоу қаласында қыркүйектің 23-і мен қазанның 8-і күндері аралығында өтеді. Спорттың 30 түрі бойынша ел намысын 525 отандық спортшы қорғайды. Олардың қатарында солтүстікқазақстандықтар да бар.

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, ұлттық құрама сапында жерлестеріміз жеңіл атлетика, брейкданс, велоспорт, волейбол және бокста бақтарын сынайды.

– Азия ойындарында велоспорт сайысында үш бірдей солтүстікқазақстандық қатысады. Олар – Алексей Луценко, Глеб Брусенский мен Махаббат Үмітжанова. Жеңіл атлетикада Михаил Литвин, волейболда «Қуаныш» клубының мүшесі Наталья Смирнова өз бақтарын сынайды. Бокста шаршы алаңға Наталья Богданова шығады. Сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлеріне жатқызылған брейкданстан да би-батлдары өтеді. Тұңғыш рет бұл додада әлем чемпионы Әмір Закиров қатысады, — дейді баспасөз қызметінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz