СҚО ТЖД-ның бастығы болып Ерік Сарыбаев тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Бүгін Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиев облыстың төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалған полковник Ерік Темірханұлы Сарыбаевты таныстырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ерік Сарыбаев 1976 жылы 28 мамырда Түркістан облысы Ордабасы ауылдық округінің Темірлан ауылында дүниеге келген.

«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» және «Әскери бөлімдер мен құрамаларды басқару» мамандықтары бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен және Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын бітірген.

Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық-құтқару қызметі бөлімінің аға офицері қызметінен бастады. Соңғы лауазымы -Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Ерік Сарыбаев бұрын ТЖД бастығы болған, кейін ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалған полковник Рамиль Камаловтың орнына келді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz