СҚО полицейлері есепте тұрған 5,6 мыңнан астам азаматты тексерді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Cолтүстікқазақстандық тәртіп сақшылар 15 тамыздан бастап “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеп жатыр. Олар тұрғындарға өздерінің телефон нөмірлерін таратып, үй-үйді аралап қоғамдық тәртіптің жай-күйі жайлы сұрайды. Сонымен бірге іс-шара аясында полицейлер тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ескертіп, жадынамалар таратады. Басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр6 деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Маскүнемдер мен отбасылық жанжалқорларды, бұрын сотталғандарды және басқа да санаттар бойынша полицияда есепте тұрған адамдарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру күшейтілді. Бүгінгі күнге дейін тәртіп сақшылары 5600-ден астам азаматты тексерді. Қару иелері де ерекше назарда. Облыста олардың саны – 7543.

Тексерістер барысында қаруды сақтау ережелерін бұзудың – 33, қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімін сақтамаудың 34 фактісі анықталды. Тіркелмеген тегіс ұңғылы қарудың 11 бірлігі тәркіленді. Мысалы, Шал ақын ауданында полиция қызметкерлері ауыл тұрғынынан үйінің кіре берісінде заңсыз сақталған 32 калибрлі ИЖ мылтығын тәркіледі. Тәртіп сақшылары тіркелмеген қаруды сақтау қауіпті екенін еске салады. Ол ұрланып, қылмыс жасау мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

– Облысымызда барлығы 540 мыңға жуық адам тұрады. Бүгінгі таңда облыс аумағында учаскелік полиция инспекторлары 100 мыңнан астам жер үйге, 80 мыңнан астам пәтерге, оның ішінде 700-ден астам жалға берілетін пәтерлерге, 5 мыңға жуық саяжай үйлеріне және 1,5 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен қыстақтарға барып қайтты. Іс-шараның басты мақсаты – халықпен қарым-қатынасты нығайту, учаскелік полиция инспекторы кез-келген уақытта заңдылықпен, құқықтық тәртіпті сақтаумен байланысты мәселелерді шешуге әрқашан дайын екенін еске салу болып табылады, — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов7

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz