«Қазгидромет» РМК мәліметінше, таяу күндері республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік циклонның екпінімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
Болжам бойынша, тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
— Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман күтіледі, — «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің шығысында түнде 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Температура жағдайында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.