Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметімен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аймақ басшысына «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су және кәріз желілеріндегі жөндеу жұмыстары жайлы айтылды. Осы ретте «Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар» коммуналдық кәсіпорнына да барды.
Облыс әкімі Қызылжар ауданындағы «Есіл су» кәсіпорнының Соколов өндірістік учаскесінде болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, топтық су құбырларына қатысты түйткілді мәселелерді көтерді.
– Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету – стратегиялық міндет. Сумен қамту саласындағы мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар қабылданатын болады, — дейді СҚО әкімі.