Петропавлдағы «Солнечный-2» және «Южный» кенттеріне инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, қазіргі уақытта «Солнечный-2» кентіне су желілерінің 68,2 шақырымы, электр желілерінің 102,5 шақырымы тартылды. Сондай-ақ 53,9 шақырымды құрайтын жол салынды.
– «Южный» кентіне су желілерінің 43,5 шақырымы, жолдың 34,3 шақырымы тартылды. Бұған қоса, халықты электр қуатымен қамту мақсатында жұмыстар басталып кетті. Оның нәтижесінде әр үй, көше жарықпен қамтылады. Бұл шағынауданда үй тұрғызу мақсатында жер телімдері әкімдікте кезекте тұрғындарға беріледі. Бұл жұмыс 2023-2024 жылдар аралығында жүргізіледі, — дейді Серік Мұхамедиев.