Өртте қаза тапқандардың туыстарына қала әкімдігі қаржылық қолдау көрсетеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда бір отбасының үш мүшесі қызыл жалын құрбаны болды. Кеше сағат 21:35 тіркелген оқиға жайында СҚО ТЖД-ның өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжановтың айтуынша, от үйдің кіреберіс жағынан тұтанған. Салдарынан баспанада болған әйел, бір жасар қызы мен інісін терезеден шығаруға әрекет жасаған. Алайда кейін көшеге есік арқылы шықпақ болып, орта жолда түтін жұтып құлаған.

— Есік жанында үш адамның мүрдесі табылды. Отбасы мүшелерінің бірі ер азамат терезені сындырып сыртқа шықты. Үйде 5 адам тұрған. Қайғылы оқиға болған күні аналары жұмыста болды, – дейді СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алды.

Қала әкімі қайғылы оқиғаға қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, өрттен көз жұмғандардың туыстарына көңіл айтты.

— Жергілікті атқарушы орган тарапынан жерлеу рәсіміне, уақытша пәтер жалдауға, басқа да қажеттіліктерге ақшалай көмек көрсетілетін болады, – деп жазды қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz