Оқушыларға балтамен тап берген жасөспірімге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңір полицейлері оқушыларға балтамен тап берген тоғызыншы сынып оқушысына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл төтенше жағдай 2023 жылдың ақпан айында Петропавлдағы мектептердің бірінде орын алған болатын, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық тергеудің аяқталғаны жөнінде облыстық полиция департаменті patriot_patriot Telegram арнасына хабарлаған.

— Петропавлдағы №4 орта мектептің оқушыларына жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Іс материалдары прокуратураға тапсырылды, — делінген хабарламада.

Ведомство бұл істі СҚО ПД Тергеу басқармасы мамандарының тергегенін нақтылады. Күдікті – тоғызыншы сынып оқушысы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектепте жаға ұстатарлық жағдай орын алды. 9-сынып оқушысы сыныпқа балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жаралаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz