Петропавлда 33 баспана күрделі жөндеуден өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Петропавлдың 33 көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021-2022 жылдары қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мақсатында республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 38 көпқабатты баспананың шатырын, жертөлесі мен қасбетін жөндеу жоспарланған болатын. Бүгіндері 33 үйде тиісті жұмыстар аяқталып, жыл соңына дейін қалған 5-і де дайын болады деп күтілуде.

– Биыл Алтынсарин,262 мекенжайындағы көпқабатты үйді күрделі жөндеуден өткізуге қала бюджетінен қаражат бөлінді. Әзірге бұл нысанда жұмыстар жалғасуда, — деп толықтырды қала әкімдігіндегілер.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін қалалықтар тиісті құжаттарды жинап, әкімдікте өтініш жазып қалдыруы тиіс. Баспаналарды жөндеуден өткізуге бағытталған бұл жоба 15 жылға дейін шақталып, жылдық пайыздық мөлшерлемесі 0,1 пайызды құрайтынын атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz