«Тұғыры биік — Төлен» атты әдеби кеш өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұлттық және шетел әдебиеттері бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен қазақтың белгілі қаламгері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдіктің 80 жылдық мерейтойына орай «Тұғыры биік — Төлен» деген атаумен әдеби кеш өтті. Шараға әдебиет зерттеушілері, аға буын өкілдері, жеркілікті өнерпаздар мен оқырман қауым қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кеш қонағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, Тіл және әдебиет институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ботагөз Тауқұдыретова Төлен Әбдіктің шығармашылығына терең бойлап, оның «Парасат майданы», «Оң қол», «Тозақ оттары жымыңдайды» шығармаларын талдап берді. Төлен Әбдікпен университетте бірге оқыған ардагер-ұстаз Қарақат Шалабаев қаламгердің жастық шағы, студенттік кезіндегі жылы естеліктерімен бөлісті. Төлен Әбдіктің жазушылығымен қатар күйшілік өнері де көпке мәлім. Кеш барысында Ақан сері атындағы облыстық филармонияның күйшісі Диас Серікбаев екі күй орындап берді.

whatsapp image 2023 09 27 at 11.27.27 e1695792636491whatsapp image 2023 09 27 at 11.27.28whatsapp image 2023 09 27 at 11.27.19

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманжол Зағыпар Төлен Әбдікке арнаған «Қалам иесі» атты өлеңін оқыды. Кеш барысында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Төлен Әбдік шығармаларын оқу челленджіне» белсенді қатысқан жеңімпаздар марапатталды.

Жазушының қаламынан туған тұщымды дүниелер бүгінде ойлы оқырманның рухани олжасына айналғаны әмбеге аян. Оның «Қонақтар», «Өліара» сияқты сүйекті шығармалары халқымыз қашаннан қастер тұтар сөз өнерінің алтын сөресінен ойып тұрып өз орнын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz