Небәрі екі айдың ішінде отбасылық жанжалдың 583 фактісі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыс полицейлері отбасылық жанжалға қатысты 830 хаттама толтырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде үйлерді аралап, қала тұрғындарымен кездесті.

Тәжірибе көрсеткендей, отбасылық жанжалдарда көп жағдайда ерлер мен әйелдер бірдей кінәлі болады. Нәзік жандар мен олардың балалары зардап шегіп жатады. Полиция қызметкерлерінің міндеті – күш қолданудың және моральдық қысым көрсетудің алдын алу, қылмыс пен құқықбұзушылықтардың уақытылы жолын кесу.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша хаттама толтыру кезінде куәгерлердің, көршілердің айтқан дәлелді сөздері, бейнебақылау камераларындағы және бейнетіркегіштердегі жазбалар жеткілікті. Түпкілікті шешімді сот шығарады. Бұл құқықбұзушылыққа қатысты заңда татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Бұрын материалдардың жартысына жуығы сотта тараптардың татуласуымен аяқталатын. Енді 1 шілдеден бастап сотта тек бір рет қана татуласуға болады. Бұл зардап шеккендерге психологиялық қысым көрсетуді тоқтатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және отбасылық жауапкершілік күшейтілді. Әкімшілік қамаққа алудың мерзімдері де анықталды. Отбасылық жанжал үшін жанжалқойға ескерту беріледі немесе 5 тәулікке қамалады. Құқық бұзушылық қайталап жасалған жағдайда 10 тәулікке қамауға алу көзделген, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста 830 хаттама толтырылса, шілде мен тамыз айлары ішінде 583 факті тіркелді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты барлық мәселелер бойынша «150» республикалық желісіне, 8(7152) 61-25-30 нөмірі арқылы облыстық және 8 (7152) 49-31-58 нөмірі арқылы қалалық әйелдерді қорғау бөліністеріне жүгінуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz