ҚР Туризм және спррт министрлігі таратқан ақпарат бойынша, стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина чемпион атанды.
— Қыздарды осы тарихи жеңіспен құттықтаймын! Алтын медальдан басқа, біздің спортшылар жарыс рекордын да орнатты, бұл жеңісті одан да әсерлі етеді. Естеріңізге сала кетейін, Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогында біздің құрама бірінші жалпы командалық орынға ие болған. Бүгін бүкіл Азия бұл табыстың кездейсоқ емес екенін түсінді, – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.