Полицейлер халықпен кері байланыс орнатты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыс полицейлері көше-жол желісіне 1500-ден астам тексеру жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжар ауданының Соколовка ауылында 42 жаңа жол белгісі пайда болды. Ауылдықтар бұл мәселені жиі көтеретін. Өткен жылы тұрғындардың өтініштері жауапсыз қалмай, 32 жол белгісі орнатылды. Биыл осы жұмыс жалғасын тапты.

– Бұл халықпен кері байланыстың және сервистік полиция қағидаттарын іске асырудың жарқын мысалы. Белгілерді, жаяу жүргіншілер өткелдерін, бағдаршам объектілерін орнату туралы әрбір тілек мұқият пысықталып, қарастырылады, полиция қызметкерлері жол желісінің учаскелерін тексереді, егер өзгерістер техникалық талаптарға сәйкес келсе — тиісті ұйымдарға ұсыныстар енгізеді, – дейді СҚО ПД ӘПБ бастығы Серік Әлжанов.

Оқу жылының басында Петропавл мектептерінің бірінің директоры оқу орнының жанындағы жол учаскесінде жасанды төмпешік орнатуды сұраған еді. Полицейлер облыс орталығының көше-жол желісін зерттеп, жергілікті атқарушы органдарға мектептер мен балабақшалар маңында осындай 13 жылдамдықты шектегішті қалпына келтіру және орнату жөнінде ұсыныстар жіберді.

Жыл басынан бері СҚО-да әкімшілік полиция қызметкерлері көше-жол желісіне 1514 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша 224 ұсыныс енгізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz