Ойын алаңқайлары орнатылуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс орталығында барлығы 585 аула бар. Бүгіндері 401-інде ойын алаңқайлары орнатылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шаһар аулаларын қажетті спорттық тренажерлермен және ойын алаңқайларымен қамту жұмысы 2016-2022 жылдар аралығында жүргізіліп, 401-інде тиісті шаралар атқарылған.

 

– 20 ойын және 30 спорттық алаңдарды жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда «Үкімет қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде 8 алаңқай орнатылуда, — дейді қала әкімі Серік Мұхамедиев.

2022 жылы қала әкімдігі «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы негізінде тұрғындардың өтініштерін қабылдап, петропавлдықтардың 9 жобасын мақұлдады.

Үстіміздегі жылы Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында қалалықтардан 7 жобаны іске асыру жөнінде өтініш түсті. Барлығы да дауыс беру арқылы қолдау тапты. Олардың қатарында аулаларды абаттандыру, ойын және спорттық алаңқайларын тұрғызу, Парфирьев көшесінде демалыс алаңын салу сынды жобалар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz