СҚО-да астықтың 80 пайызы бастырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір аудандарын аралауды бастады. Алдымен аймақ басшысы Қызылжар ауданындағы «Қызылжар сүт» сүт фермасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жыл соңына дейін облыста 6 жаңа сүт кешені іске қосылады. Бұл туралы өңір басшысына оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов баяндап берді.

Сондай-ақ облыс әкімі Аққайың ауданында «Элеватор Смирновский» ЖШС-де астық қабылдау барысымен танысты. Биыл егін жинау науқаны күрделі жағдайда өтуде. Дегенмен мемлекет тарапынан диқандарға астықты ысырапсыз жинауға барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Аграршыларға орақ науқанына қажетті қосымша 19,7 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді.

photo 5233371574223097942 yphoto 5233371574223097943 y

Облыс әкімі «Полтавское» серіктестігінің егіс алқаптарында астық жинау және жем-шөп дайындау барысын да тексерді. Шаруалармен кездесіп, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады.

– Бүгінде облыста дәнді дақылдардың 80 пайызы жиналды. Диқандар күзгі орақты аяқтау үшін қолайлы күндерді мейлінше тиімді пайдалануы қажет, — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz