СҚО-ға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облысқа жұмыс сапарымен еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақмәди Сарбасов Петропавлдағы бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен елордалық мейман «Мұнаймаш» зауытына барды. Бүгіндері кәсіпорында 100-ге жуық адам еңбек етеді. Өндіріс ошағында мұнай саласынан және жүк вагондарына арналған құрал-жабдықтар құрастырылады.

– Жұмыс сапарымның басты мақсаты – Президенттің әлеуметтік-еңбек саласының барлық бағыттары бойынша айтқан тапсырмаларын өңірлік қызметтерге жеткізу. Биылғы жылы өзгерістер көп. Жаңа әлеуметтік кодекс қабылданды. Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмаларды енгізді. Соның ішінде еңбек саласындағы қауіпсіздік тұжырымдамасын атап өтті. Біз соны қадағалауымыз қажет, — деді Еңбек және әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

Кейін бірінші вице-министр «Alageum Еlectric» зауытында болды. Оған трансформаторларды құрастыру барысы баяндалды. Компания өнімдерін көбінесе шетелге жібереді. Электротехникалық кәсіпорында 180 адам жұмыс істесе, оның 60 пайызы облысқа өзге өңірлерден қоныс аударғандар екен. Қызметкерлердің жалақысы 300 мың теңгеден басталады. Алдағы уақытта өндіріс ошағы тағы 300 адамды еңбекпен қамтуды көздеп отыр.

whatsapp image 2023 09 29 at 09.37.38 3 whatsapp image 2023 09 29 at 09.37.38 2 whatsapp image 2023 09 29 at 09.37.38 1

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz