Жол ережесін өрескел және бірнеше рет бұзғандарға жаза күшейтілмек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Соңғы бес жылда елімізде 75 мың жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі — ЖКО) тіркелген. Онда 100 мыңға жуық адам зардап шеккен. Апаттардың төрттен бірі жылдамдық режимінен асып кету салдарынан болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Көбіне жаяу жүргіншілердің өзі көлік оқиғаларына кінәлі болады. Биылдың өзінде 233 ЖКО болып, 40 адам қаза тауып, 155 адам түрлі жарақат алды. Ахуал жол инфрақұрылымының жеткіліксіздігімен, әсіресе қала маңындағы жолдардың, сапасыз және жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен күрделене түседі. Мысалы, Қарағанды – Балқаш тас жолының учаскесін (ұзындығы 362 км) реконструкциялаудың ұзақ уақытында 2019 жылдан бері 99 ЖКО болды.28 қыркүйекте Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және арттыру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігі бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдеріне бейінді министрліктермен бірлесіп қосымша жаяу жүргіншілер өткелдерін салу мәселелерін пысықтау, қажет жол белгілерін орнатуды және жол құқық бұзушылығын тіркейтін автомат камералар желісін кеңейтуді қамтамасыз ету ұсынылды. Оқушылар үшін қауіпсіз орта құруға ерекше назар аударылмақ.

— Ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінің тізілімін жасау, проблемалардың тізбесін айқындау және оларды дәйекті шешу ұсынылды. Ережелерді өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР кодексіне түзетулерді пысықтау туралы мәселе көтерілді, — делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz