Қарттар күні қарсаңында облыс әкімі аға буын өкілдерімен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов аға буын өкілдерімен кездесті.  Шара қатысушылары  облыс әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, өңірдің дамуына қатысты өз ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.  

Жиынды ашқан өңір басшысы Қызылжар өңірінің түрлі салада жетістікке жетуіне алдыңғы толқынның үлкен еңбек сіңіргенін атап өтті.

-Маған еліміздің астықты өлкесі — Солтүстік Қазақстан облысын басқару міндетінің жүктелгенін  үлкен мәртебе деп санаймын.  Өңіріміз әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша тұрақты өсімге қол жеткізіп отыр. Бұл облыс тұрғындарының ортақ күш-жігерінің нәтижесі. Ендігі міндет облысты серпінді дамытып, оның инвестициялық тартымдылығын арттырып, тұрғындардың әл-ауқатын нығайту. Аға буын өкілдеріне  ерекше алғыс білдіремін. Біз алдыңғы толқынның  ондаған жылғы дәстүрі мен бастаған ісінің жалғастырушысымыз. Сіздердей ардагерлердің ауыр еңбегі мен құнды тәжірибесінің алдында бас иемін,- деді облыс әкімі.

Кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов сөз алып кеңестің атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндады. Бүгінде өңір ардагерлері 13 аудандық, 564 бастауыш ұйымдарға біріккен. Бұ ұйымдар  аға буынды әлеуметтік қолдау, бос уақыттарын  тиімді өткізу, жастар тәрбиесі жұмыстарымен айналысып келеді.

-Ардагерлер ұйымы облыстағы ең үлкен қоғамдық бірлестік бола отыра еліміздің экономикалық, идеологиялық, саяси жұмыстарынан тыс қалмай, мемлекеттік органдардың тірегі болып, ел Президенті жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға ерекше үлес қосып отыр. Біз  жоспарлы жұмыстарды іске асыруда өзге де билік тармақтары және қоғамдық ұйымдармен берік байланыс орнатқанбыз.  Қоғамда қиын кезде еңбегімен, ерлігімен көзге түскен ардагерлерге деген құрметтің аздығы бізді алаңдатып отыр.  Жастар арасында бейқамдық, қатігездік пен өзімшілдік белең алып барады. Осы мәселелерді шешу үшін аға буын түрлі игі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Еңбек көрігінде шыңдалып талай сыннан өткен аға ұрпақ өкілдерінің айтары да, көңілге түйгені де көп, — деді Ескендір Есмақұлы.

Жиынға қатысушылар облыс әкіміне жылы лебіздерін білдіріп, өз естеліктерімен бөлісіп, алдағы жұмысына  сәттілік тіледі. Шара барысында облыстағы өзекті мәселелерге қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.  Облыстың  құрметті азаматы Құдайберген Қалиев суармалы егіс алқаптарының үлесін арттыру, ол үшін Сергеев су қоймасының мүмкіндіктерін пайдалану керектігін жеткізді. Ол ақ қайыңдарды аяусыз отап, жөн-жосықсыз орманнан ағаш кесіп кең даланың көркін кетіріп жатқандарға бақылау жасауды сұрады. Қызылжарда дүниеге келіп, күллі қазаққа қызмет еткен ардақты тұлғалардың есімдерін көшелерге беру мәселесі де алдыңғы толқын өкілдерінің назарынан тыс қалмады. Жиын соңында Ғауез Торсанұлы барлық сұрақтар өз бақылауында болатынын,  өзекті мәселелерге қатысты тиісті шаралар қабылданатынын айтты.

whatsapp image 2023 09 29 at 13.44.36

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz