СҚО-да қарашаның 5-сі күні өтетін аудан әкімдерінің сайлауына «Amanat» партиясы атынан қатысатын үміткерлер ұсынылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Amanat» партиясынан әкімдер сайлауында Есіл ауданына Мереке Мұхамедияров, Мамлют ауданына Леденевка ауылдық округінің әкімі Абзал Исманов пен Тимирязев ауданына Ерлан Жаровтың кандидатуралары ұсынылды.
– Менің ойымша, барлық ұсынылған үміткерлер – аудандардың дамуына сүбелі үлес қоса алатын азаматтар. Енді сайлауда кандидаттарға жеңіске жетуде, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіре алады деп ойлаймын, – деді Есіл және Тимирязев аудандарындағы конференциялар барысында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.
Аудан әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы Қазақстанда 5 қарашада өтеді. Сайлау 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалада өтеді. Солтүстік Қазақстан облысында пилоттық режімде Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының әкімдері сайланады.
2021 жылдан бастап облыста 175 ауылдық округтің әкімдері сайланды.