Еліміз бойынша 2 қазанға арналған ауа райы болжамы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
«Қазгидромет» РМК 2 қазанға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі.

 — Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлерде, еліміздің орталығында атмосфералық бөліктердің жүруіне байланысты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республикамыз бойынша тұман көрініс тауып, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде, күндіз еліміздің орталығында екпінді жел тұрып, күндіз орталықта бұршақ жауады деп күтіледі, — делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады.

Түркістан өңірінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz