15 тонна «Artemia salina» шаяны тәркіленді (ВИДЕО)

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңір  полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 15 тоннадан астам заңсыз өндірілген «Artemia salina» шаянын тәркіледі. Күдіктілерді ұстауға «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің және  жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың  қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Artemia salina» шаяны  — облыс көлдеріндегі құнды табиғи ресурс. Облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел іс-шара  барысында Мамлют ауданында арнайы құжатсыз  шаян тәрізділерді өндіруді ұйымдастырғандардың бір  тобы анықталды. Жазда тіркелген кәсіпорын аумағынан  және күдіктілердің бірінің жеке ауласынан  барлығы 15 тоннадан астам, оның ішінде 12 тонна қайта өңделген шаян  табылды. Сондай — ақ күдіктілердің бірінен 7,62 калибрлі мылтыққа  арналған алты патрон, екіншісінен дыбыс азайтқышы бар, ойықты  «ПМ» тапаншасы және оған арналған төрт патрон тәркіленді.

play btn

 

Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды жан-жақты және объективті зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Залалдың алдын ала сомасы шамамен 150 млн. теңгені құрайды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz