СҚО-да 10 мыңнан астам шетелдік көлік тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық полиция департаментінің процессингтік орталығы шетелдік автокөліктерді заңдастыруды ресімдеуге бір айдан аз уақыт қалғанын еске салады. Полицейлер шектелген мерзімдерді еске отырып, автокөліктердің иелерін заңдастыруды аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге қоюға шақыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2023 жылғы 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Петропавл қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 15 мың 635 өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 10 мың 582 бірлік көлік құралы тіркелді.

Ішкі істер министрлігі шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру туралы өтінімдерді Үкімет Қаулысына сәйкес 23 қаңтар мен 30 маусым аралығында қабылдады. 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін еліміздің аумағына кіргізілген  автокөліктер заңдастыруға жатпайды.

Автокөліктерді заңдастыруға қатысты сұрақтар бойынша жұмыс күндері 8 (7152) 32-00-22, 32-00-19 телефондарына хабарласуға  болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz